Музейаралық жобалар белсенді дамуы шарт - Д. Мыңбай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Музейаралық жобалар белсенді дамуы шарт. Бүгін «Мәдени интеграция перспективалары мен үдерісі» атты ғылыми-зерттеу жобасы аясындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай осылай мәлімдеді.
None
None

«Қазақстанның Ұлттық музейі жұртшылыққа еліміздің жаңа тарихын кеңінен насихаттауға жұмыс жасайтын болады. Осы арқылы музей халық үшін әлеуметтік білім беру функциясын да, сондай-ақ республика дамуының тәжірибелерін музей коллекциялары арқылы паш етіп, қоғам арасында төл тарихымызды етене етуге де үлес қоса алады. Қазіргі таңда музей мен музей қызметін дамыту әріптестік, музей қауымдастықтары желісін құру секілді жаңа үдерістермен ұштасып отыр», - дейді Ұлттық музей директоры.

Оның айтуынша, бүгінгі заманда музейлер қоғам мен мәдениеттегі түбегейлі өзгерістерге орай айтарлықтай трансформацияны да бастан өткеруде.

«Өзгермелі әлемдегі - өзгермелі музейлер, бұл - орын алып отырған құбылыстың нақ көрінісі. Сонымен қатар, музейлердің ағартушылық функциясы да артып отыр. Екінші бір маңызды үдеріс - музейлердің салаларын интеграциялай отырып, бірегей музейлік кеңістік құру. Бұл бағытта бүгінгі таңда музейаралық жобалар белсенді дамуы шарт. Біз әріптестерімізді осыған шақырамыз», - деді Д. Мыңбай.

Соңғы жаңалықтар