Мыңдаған павлодарлықтар прокуратураның араласуынан кейін жалақы бойынша қарыздарын ала алды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының прокуратура органдарының араласуынан кейін 1139 жұмысшыға 37 миллон теңге сомасының жалақы бойынша берешегі төленді.
None
None

Ақсу және Павлодар прокурорларының ұйғарымы бойынша «Қызылжар Агро» серіктестігінің 292 жұмысшысының алдындағы өткен жылдың қараша-желтоқсанындағы 10 367 700 теңге мөлшерінде берешегі жабылды және «Павлодартұз» серіктестігі 50 жұмысшысының алдындағы еңбекақы бойынша берешегін жартылай жапты.

Жұмысшылардың алдындағы жалақы берешектерін өтемеген Екібастұздағы «SMS Engeneering», Павлодардағы «ЗабСибЭлектромонтаж», Ақсудағы «Дейкар» фирмаларының басшылары жазаға тартылды. Жалақы бойынша берешектерін өтегендіктен «Ертіс Ақмола» және «Азия Контракт» басшылығының үстінен қозғалған екі қылмыстық іс тоқтатылды.

Облыс прокуратурасы еңбек қатынастары саласында жағдайды күн сайын бақылайды, оның ішінде, белгіленген қысқартулар мен тоқтап тұруға байланысты жұмыскерлерді мәжбүрлі демалысқа жіберу фактілері айрықша назарда.

Соңғы жаңалықтар