«Мызғымас бауырластық – 2012» жаттығуының шешуші кезеңі басталды

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат  - ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің «Мызғымас бауырластық - 2012» тұңғыш бітімгерлік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.
None
None

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, алғашқы кезең барысында еліміздің «Іле», «Шошқалы» және «Жағалау» полигондарында Бірлескен басшылық пен ҰҚШҰ-ның  Ұжымдық бітімгерлік күштерінің көпұлтты бітімгерлік құрамаларын ұйымдастыру бойынша оқу жаттығулары жүзеге асырылды.

Оқу-жаттығудың мазмұны бойынша - ҰҚШҰ-ның құрамына кіретін «С» шартты мемлекетінде халықаралық экстремисттік, лаңкестік ұйымдардың әрекеттерімен байланысты және де этникалық топтар арасындағы қарама-қайшылықтардың салдарынан пайда болған дағдарысты ахуал орнайды. Мемлекетте жаппай тәртіпсіздік орын алып жатыр. Құқық қорғау органдары мен «С» мемлекетінің Қарулы күштері осы қиын жағдайды тұрақтандыру бойынша жасап жатқан әрекеттер табысқа ұласпады. «С» мемлекетінің президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрайды. Аталмыш мәселе бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі бейнеконференция байланысын пайдалану арқылы  жедел түрде шешім қабылдайды. Сыртқы істер, Қорғаныс министрлерінің, Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының Комитеті басшыларының кезектен тыс отырысы өтеді. Ұжымдық қауіпсіздік күштерінің кезектен тыс сессиясында «С» мемлекетіне көмек көрсету және сол мемлекеттің аумағында ҰҚШҰ ҰҚК қолдауымен қажетті операцияларды орындау туралы оң шешім қабылданады.

Сонымен қатар оқу-жаттығуға қатысушылармен Қызыл Крест Халықаралық комитетінің өкілдері сабақтар жүргізді.

Қазіргі уақытта оқу-жаттығудың екінші - белсенді кезеңі басталды. Ол 17 қазанға дейін жалғасады. Бұл кезеңде ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің бітімгерлік контингенттерінің жеке құрамымен қарсыласушы тараптарды арашалау мен мемлекетте бейбітшілікті орнату бойынша жаттығулар өткізу жоспарланған.

Оқу-жаттығудың салтанатты аяқталу рәсімі 18 қазанға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум