Н.Назарбаев: 2050 жылы ЕЭО әлемдегі интеграциялық ұйымдардың үздік үштігіне енуі тиіс

МӘСКЕУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция тақырыбындағы дәрісінде Еуразиялық экономикалық одақты әлемдегі интеграциялық ұйымдардың үштігіне енгізу қажеттігін алға тартты.
None
None

Оның айтуынша, қазіргі уақытта дүниежүзінде 300-ден астам ықпалдастық бірлестіктері бар.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы біздің әріптестерге 2050 жылға қарай әлемнің 300 бірлестіктерінің ішінде ең мықты интеграциялық ұйымдардың үштігіне ену мақсатын қоюды ұсынамын. Қазірдің өзінде мен мұндай ықпалдастықтың тек үш-төртеуін көріп отырмын. Бізге де неге талпынбасқа?" Ресей экономикасының рөлі өте маңызды. Сондықтан біздің бірлестіктің дамуы экономикалық прагматизм, жауапкершілік, эволюциялық, ашықтық шеңберінде жүргізілуі тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы тұрғыда Н.Назарбаев әріптестеріне Қазақстаннан үлгі алуды ұсынды.

«Қазақстанда 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағдарлама іске асырылуда. Оның алдында бізде 2030 жылға дейінгі бағдарлама мерзімінен бұрын жүзеге асқан болатын. Енді біз өзімізге ғасырдың ортасында әлемнің дамыған 30 еліне ену жөнінде мақсат қойып отырмыз. Бұл арман-қиял емес. Бұл бағдарлама толығымен қаржымен, мамандармен және жобалармен қамтамасыз етіледі. Біз осы мақсатқа егемен, Еуразиялық экономикалық кеңістіктің толыққанды мүшесі ретінде қол жеткізуді көздеп отырмыз. Біздің барлығымыз осындай жоғары мақсаттарды қоюымыз керек», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақ туралы идеясы 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мінберінен айтылған болатын. Міне, араға 20 жыл салып 2014 жылы мамыр айында Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қояды деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум