Н. Назарбаев: Әлемдегі жағдай экономикаға ғана емес, этномәдениетке де әсер етіп отыр
«Бүгінгі таңда әлемдік экономикада үлкен болжаусыздық орын алып келеді. Ең дамыған елдердің рейтингі түсіп, рецессияның жаңа толқынын күту күшейіп келеді. Өткенде Кипрдегі орын алған оқиға қарапайым азаматтардың өміріне тікелей әсер ететін қаржылық тәуекелдің қаншалықты ауқымды болатынын көрсеткендей. Бұл бізге де соғылған дабыл белгісі. Өйткені, әлемдегі экономикалық жағдай экономикаға ғана емес, этномәдени жағдайға да әсер етеді», - деді Н. Назарбаев.
Елбасының айтуынша, қазіргі дәуірдің басты парадоксы әлемде бір мезетте екі үдеріс белең алып барады. Бұның бірі унификацияға қарай болса, екінішісі одан сайын алуан түрлілікке бет бұру. «Еуропаның өзіне миллиондаған мигранттар келді. Олардың біріне бұл табиғи құбылыс болса, екіншісіне қатастрофалық болып тұр. Бұл ретте мультимәдениеттіліктің бұған дейінгі практикасы өзін-өзі тауысқаны байқалады», деді Елбасы. Бұл ретте Мемлекет басшысы айқын мемлекеттік стратегия болса, ұлттың ерік жігері болса көптүрлілік мәселелері бір бірін толықтырып тұратынына да тоқталды. «Дәл осындай саясатты біз Қазақстан халқы Ассамблеясының бүкіл сессиялары барысында жүргізіп келеміз. Бұл саясат толығымен өзін ақтады», деді Н. Назарбаев.