Н. Назарбаев әлемдік БАҚ-ты Орталық Азиядағы жағдайды объективті бағалауға шақырды
«Жалпы сарапшылық журналистік қоғамдастықты Орталық Азиядағы жағдай мен мәселелерді салмақты және объективті бағалауға шақырамын. Ауғанстаннан коалициялық күштер кеткеннен соң Орталық Азияда тұрақсыздық орын алады дегенді кейбіреулер қатты алаулатқысы келеді. Бұндай тарихта болды. Ең бастысы, Орталық Азияда ішкі мәселелермен айналысу керек»,-деді Президент.
Бұл тұрғыда Елбасы бөлек елдер арасындағы шешілмеген шекаралық мәселелерді, трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қарқынды сауда, бірлескен қауіпсіздік мәселелерін атады. «Міне осыған біз назар аударуымыз керек»,-деді Мемлекет басшысы.
«Мен біздің өңірдің, Орталықазиялық мемлекеттердің осындай бірігуіне әрекет ететін кез келген мемлекет пен саясаткерге жеке алғысымды айтар едім»,-деп атап өтті Елбасы.