Н. Назарбаев Астанада тұрғын үй бағасының негізсіз өсуіне тексеріс жүргізуді тапсырды
«Бөлек үйлерде жаңа баспананың құны 1 шаршы метріне - 4-5 мың долларға жетті. Мәселен, Берлинде бүгінде баспананың орташа құны шаршы метріне -3 мың долларды, Прагада - 2,5 мың доллар, ал Астанада - 5 мың долларға жетіп отыр. 2008 жылы барлық құрылысшылар банкрот болғанда, баршаларыңыз маған келіп, Алматыда шаршы метріне - 1200 доллардан, Астанада - 1 мың доллардан салдыңыздар. Ал, қазір шектен шығып отырсыздар ма, не болды?»,-деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының пайымдауынша, елордада баспана құнының жоғары болуы бәсекелестіктің жоғынан туындап отыр, сондай-ақ жер телімдерінің сатылуы бір компаниялармен шектелуде. Осы орайда бәсекелестік талаптар ескерілмеген.
Н. Назарбаев осы мәселе бойынша Президент әкімшілігіне тексеріс жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар әкімдіктермен бірлесе жер учаскелерін құрылысқа беруді тәртіпке келтіруді тапсырды. Оған қоса баспана бағасының не себептен өсіп отырғандығын тексеру аясында Бәскелестікті қорғау агенттігіне талдау жүргізуді жүктеді.
«1 мыңнан 5 мыңға дейін неліктен көтерілді. Мәселен, сатып алушы бар, ал тұрғын үй құрылысында бәсекелестік жоқ»,-деп түйді Елбасы.