17:15, 06 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Н.Назарбаев Әзербайжан Президентіне «Гюнешли» кенішінде болған өртке байланысты көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке «Гюнешли» кенішінде болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев жеделхатта көптеген адамның зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.