Н.Назарбаев: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі толыққанды халықаралық ұйым бола алады

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат -Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨІСШК) толыққанды халықаралық ұйым бола алады.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«АӨІСШК-ті шақыру БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының мінберінен 20 жыл бұрын мен ұсынған және сәтті жүзеге асырылған тәуелсіз Қазақстанның бірінші сыртқы саяси бастамасы болды. Біз 20 жыл бойы бұл процестің рет-ретімен дамуына терең қанағаттанушылығымызды білдіреміз», - деді Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, іс жүзінде АӨІСШК Еуразиядағы және жаһандық деңгейдегі қазіргі заманғы халықаралық қарым-қатынастар жүйесіне оның нақты қатысу формасын болжайтын іс-әрекеттер деңгейіне көтерілді. «Әңгіме Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша толыққанды жаңа халықаралық ұйымды құру болашағы туралы болып отыр. Дәл осы тұрғыда АӨІСШК-тің барлық қатысушылары таяу жылдары бірлесіп жұмыс істеуі қажет», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар