17:33, 10 Шілде 2013 | GMT +5
Н.Назарбаев бірқатар заңнамалық актілерді «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» ҚР Заңына сәйкестендіруге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы бірқатар заңнамалық актілерді «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұсыну жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.