Н.Назарбаев: Біз инновациялар мен индустрияландыру салаларына инвестициялар үшін ерекше преференциялар жасаймыз

 ПРАГА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Республикасына ресми сапарының барысында жергілікті кәсіпкерлерді Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға шақырды.
None
None

Бұл туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бүгін кеңейтілген құрамда өткен Чехия Президенті Вацлав Клауспен келіссөздерден кейін брифингіде айтты. 

«Чехия Республикасы - Еуропалық Одақта салмақты орны бар біздің маңызды әріптесіміз. Бұл әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында орнықтылығын сақтай білген аздаған мемлекеттердің бірі. Оның үстіне, Чехия Республикасы мен Қазақстан бір-бірінің экономиикасын толықтырады: бізде ресурстар, мұнда - технология мен машина жасау өндірісі бар. Біз индустриялық бағдарламаны жүзеге асырып жатқан кезімізде Қазақстанда жыл сайын жүздеген жаңа кәсіпорын іске қосылады, біз Чехияның өте дамыған шағын және орта бизнес кәсіпорындарына зәруміз. Оларды біздің индустриялық бағдарламамызға қатысуға шақырамыз. Мен Чехия Республикасының кәсіпкерлерін Қазақстанға келуге шақырғым келеді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Н.Назарбаев Қазақстанда тұрақты қаржы экономикалық жүйе, ашық және еркін қаржы нарығы, жеке меншік қорғалатынын және шамалы табыс және корпоративтік салықтар бар екенін түсіндірді. «Оның үстіне біз инновация  мен индустрияландыру саласына баратын  инвесторлар үшін ерекше префернциялар жасаймыз»,-  деп атап көрсетті Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар