Н.Назарбаев: Біздің жалпы ұлттық бірлігімізді нығайту жолындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет
Бұл туралы бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшіліктің, Келісімнің және Жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біздің жалпы ұлттық бірлігімізді нығайту жолындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет. Бұл жұмыстардың орталығы Қазақстан халқы ассамблеясы болуы керек. Қазіргі уақытта Ассамблея хатшылығымен 2020 жылға дейін Қазақстан халқы ассамблеясының даму стратегиясының жобасы дайындалды», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің пайымынша, аталған құжатта ең басты мәселеге, 21 ғасырдағы қиын кезеңдегі халқымыздың төзімділікті нығайту жолындағы моделінің мән-маңызы неде екендігіне жауап беру қажет. Бұл жерде де инновациялық тәсілдер қажет. Оның өзектілігі экономикалық, әлеуметтік жаңарудың қолға алынуында.
«20 жылда біз тәуелсіздік жылдарында өсіп өркендеген қазақстандықтардың алғашқы буынын тәрбиеледік деп айтуға болады. Оларды біз отансүйгіш, белсенді, төзімді, өз отаны мен халқы үшін жұмыс істеуге мол энергиясы бар азаматы қылып тәрбиеледік», - деді Н.Назарбаев.