Н.Назарбаев: Чехия - Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең негізгі әріптестерінің бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехия - Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең негізгі әріптестерінің бірі. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Чехия бизнес-форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

"Қазақстан мен Чехия арасындағы соңғы бизнес-форум ұйымдастырылғаннан бері екі жыл уақыт өтті. Содан бері әріптестігіміз одан әрі дами түсуде. Тауар айналымының көлемі өсті. Әсіресе, Чехияның машина жасау өнімдерінің импортын атап өтуге болады. Өткен жылы оның көлемі 450 млн. АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан бастап бүгінге дейін Қазақстан экономикасына салынған чехиялық тікелей инвестицияның көлемі 200 млн. долларға жетті. Бұл аз сан емес, дегенмен көп деп те айта алмаймыз. Бүгін біздің елімізге 70 чех команиясы келіп отыр. Олар энергетика, медицина, машина жасау, химия және басқа салалардың өкілдері болып табылады", - деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Чехия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең негізгі әріптестерінің бірі болып табылады және біздің еліміз осы әріптесі арқылы барлық Еуропа елдерімен байланыс жасауды қалайды.

"Чехия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең негізгі әріптестерінің бірі. Сіздер арқылы біз барлық Еуропамен байланыс орнатқымыз келеді. Біздің бүгінгі кездесуіміз екі ел арасындағы бұдан былайғы іскерлік қарым-қатынастарымызға үлкен серпін береді деп сенемін", - ҚР Президенті.

Оның атап өтуінше, бүгінгі кездесуде бірқатар келісімдерге қол қойылды.

"Біз бүгін Чехия Президенті М.Земанмен екіжақты және көпжақты форматтарда табысты келіссөздер жүргіздік. Сыртқы саяси, өңірлік және екіжақты қарым-қатынастардың көптеген мәселелерін талқыладық", - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар