Н.Назарбаев чехиялық іскерлерді ҮИИД бағдарламасына қатысуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Чехия Президенті Милош Земанмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев чехиялық іскерлерді еліміздің үдемелі индустриялық- инновациялық
None
None

даму бағдарламасына қатысуға шақырды. «Қазақстан-чех іскерлерін үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысуға шақырамын», деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, екі елдің өзара тиімді байланыстарын кеңейте түсуге мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде Қазақстан-Чехия арасындағы сауда-саттық көлемі бір миллиард доллардан асып отыр. Биылғы жылдың өзінде де өсім жоғары болмақ.

Елбасының пайымынша, Еуропалық одақтың белсенді мүшесі саналатын чех мемлекетінің Қазақстанға тигізетін оң әсері көп болады.

«Себебі, екі елдің арасындағы қарым-қатынас, темір жол, автомобиль көліктері арқылы өзара байланысымыз өте жемісті болады деп санаймыз», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар