Н.Назарбаев Эстонияның ірі компанияларының басшыларымен кездесті

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев эстониялық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті,
None
None

деп хабарлады News.bcm жаңалықтар порталы.

Эстонияның ірі іскерлік топтары өкілдерімен болған кездесу Н.Назарбаевтың осы елге жасаған мемлекеттік сапарының аясында өтті. Кездесуге эстондық ірі компаниялардың жетекшілері, соның ішінде «Port of Tallinn» АҚ басқармасының төрағасы Айн Кальюранд, «Эстон темір жолы» АҚ басқарма төрағасы - атқарушы директоры Кайдо Симмерманн, «Eesti Energia» АҚ басқарма төрағасы Сандор Лийве, «Estonian Air» АҚ басқарма төрағасы Андрус Альяс, «Tallinn Airport» АҚ басқарма төрағасы Рейн Лойк қатысты. Кездесуді Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансип жүргізіп отырды.

Кездесу барысында жергілікті компаниялардың өкілдері таныстырылымдар жасады. Сондай-ақ Еуропалық Одаққа және өзге шетелдік рыноктарға жіберілетін қазақстандық тауарларды эстондық порттардан тасымалдауда және бөлуде бәсекелестікке жарайтын орталықтар құру және көлік саласында бар әлеуетті атап өтіп, екіжақты экономикалық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды.

Мемлекеттік сапар аясында сондай-ақ «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Эстония сауда өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Эстония Республикасының «Eesti Energia AS» АҚ ұлттық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар