Н.Назарбаев: Еуразиялық аграрлық академияны құру орынды болады

МӘСКЕУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары тақырыбындағы дәрісі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық сектордағы қоғамдасу азық-түлік экспортына қарқынды серпіліс беретінін атап өтті.
None
None

«Ұлттық аграрлық салалардың ғылыми-тәжірибелік әлеуетін біріктіретін Еуразиялық аграрлық академияны құру орынды болады. Аграрлық сектордағы қоғамдасу азық-түлік экспортына қарқынды серпіліс береді», - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Елбасы әлемдік сарапшылардың есептеулері бойынша азық-түлікке сұраныстың артатынын айта келе «Бұл тұрғыда Қазақстанда да, Ресейде де және Беларусьте де бірегей мүмкіндіктер бар. Осы арқылы әлемде өте үлкен бәсекелестік басымдығына айналып, біздің елдердің қуатты экспорттық ұстанымы болар еді», - деді.

Соңғы жаңалықтар