13:41, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
Н.Назарбаев фин бизнесмендерін ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеудің бірлескен тауарлық өндірісін құруға шақырды
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті фин бизнесмендерін ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеудің бірлескен тауарлық өндірісін құруға шақырды.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге бірінші мемлекеттік сапармен келген Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кеңейтілген құрамдағы кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Елбасы өз сөзінде Финляндия Президентімен кездесуі барысында көлік, құрылыс және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы зор екендігін атап өткендіктерін айтты.
Сондай-ақ екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, жалпы агралық кешен бойынша іс-қимыл болашағы үлкен екендігіне ерекше тоқталған ҚР Президенті: «Келіссөздер барысында мен фин бизнесмендерін ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеудің бірлескен тауарлық өндірісін құруға шақырдым», - деді.