Н.Назарбаев: «G-глобал» - әлемдік қаржы дағдарысы жүйесіндегі проблемалардың шешімін іздеу әрі дағдарысқа қарсы кешенді шараларды әзірлеуде айтарлықтай ауқымды алаң

***
02 Наурыз 2012, 11:32
Елбасы: Қазақстан болашақтағы барлық сайлауларына ЕҚЫҰ-ның байқаушылар миссиясын қатыстырудан бас тартуы мүмкін
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан болашақтағы барлық сайлауларына ЕҚЫҰ-ның байқаушылар миссиясын қатыстырудан бас тартуы мүмкін.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Мені Астана декларациясын жүзеге асырудағы динамиканың болмауы алаңдатпай қоймайды. ЕҚЫҰ деп аталатын кеме әлі де гуманитарлық өлшемдерге қырын қараумен келеді. Елдің бір тобының келесісіне қысым көрсетуі үшін ұлттық сайлауларда байқаушылар миссиясы сияқты инструментті босқа пайдалану әрекеттері тағы да байқалуда. Егерде іс осылай жалғаса беретін болса, онда біз болашақтағы барлық сайлауларда бұндай миссиялардан бас тартатын боламыз. Бұл тек мен ғана пікірім емес, барлық ТМД-да айтылуда», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, миссияның бірқатар қатысушылары сайлауға дейін сайлау процесінің ұйымдастырылуы туралы позитивті пікір айтып, артынан қандай да бір стандарттарға сәйкессіздігі турасындағы аңызға бергісіз бір сөйлемді қайталауға бой алдырады. «Біз олардың сайлауға дейін дайындалған мәтінмен келетіндігін жақсы білеміз. Сайлаудан кейін де дәл сол мәтін жария етіледі», - деді ҚР Президенті.
02 Наурыз 2012, 11:36
Қазақстан өңірдегі ядросыз режімді нығайтуға ниетті - Елбасы
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан өңірдегі ядросыз режімді нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біздің өңір ядролық қарудан азат аймақ. Бұл мәртебе Семей келісімімен бекітілген. Біз өңірдегі ядросыз режімді нығайтуға ниеттіміз. Оның тәжірибесін қазіргі замандағы басқа да өңірлік қоғамдастықтарға жеткізуге дайынбыз»,-деді Елбасы.
02 Наурыз 2012, 11:45
Орталық Азия әлемнің жаһандық энергетикалық орталығы болуға қажетті әлеуетке ие - Н. Назарбаев
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Орталық Азия әлемнің жаһандық энергетикалық орталығы болуға қажетті әлеуетке ие.
Бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.
«Орталық Азия әлемнің жаһандық энергетикалық орталықтарының бірі болуы үшін қажетті зор әлеуетке ие. Өңірдің болашағын Еуропаға да, Азияға да біздің шикізаттарымызды экспорттайтын мұнай, газ құбырларының жүйесін дамыту деп білеміз»,-деді Елбасы.
02 Наурыз 2012, 12:00
Таяу жылдары Қазақстан өзін-өзі 100 пайыз сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді - ҚР Президенті
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Таяу жылдары Қазақстан өзін-өзі 100 пайыз сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездесіп, ішкі-сыртқы саясат жөнінде пікір алмасу дәстүрге айналғандығын атап өткен Елбасы, бұл ретте еліміздің ауыл шаруашылығы саласына зор көңіл бөліп отырғандығына тоқталды.
«Бүгінде Қазақстан өзінің 3/2 бөлігін сапалы азық-түлікпен және шикізатпен қамтамасыз етеді. Біз таяу жылдарда азық-түліктің барлық түрі бойынша өзімізді 100 пайыз қамтамасыз етуге қол жеткіземіз»,-деді ҚР Президенті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанның аграрлық секторы әлемдік нарыққа астықпен қатар ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыратындығын атап өтті.
02 Наурыз 2012, 12:07
Өткен жылы Қазақстан экономикасына 18 млрд. доллар тікелей инвестиция тартылды - Елбасы
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қазақстан экономикасына 18 млрд. доллар тікелей инвестиция тартылды.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
ҚР Президентінің атап өтуінше, өткен жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 126 млрд. долларды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өскен.
Сондай-ақ, экспорт 88 млрд. долларды құраса, оның ішінде 22 млрд.-тан астам доллар шикізаттық емес сектордың тауарлары. «Өткен жылы Қазақстан экономикасына 18 млрд. доллар тікелей инвестиция тартылды. Бұл біздің еліміз үшін жақсы көрсеткіш»,-деді Елбасы.
02 Наурыз 2012, 12:13
Қазақстанның жиынтық алтын-валюта қоры 82 млрд. долларға жетті - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның жиынтық алтын-валюта қоры 82 млрд. долларға жетті. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Елдің жиынтық алтын-валюта қоры 82 млрд. долларды құрады. Оның ішінде Ұлттық қор 47 млрд. долларға жетті. Яғни, алтын-валюта қоры елдің жалпы ішкі өнімінің 40 пайызына теңесті»,- деді ҚР Президенті.
Сондай-ақ Елбасының атап өтуінше, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиясын жүзеге асыру өз жалғасын табады. Аталған құжатқа сәйкес еліміз алдағы 15 жылда қарқынды дами түсетін болады. Оған Парламент сайлауының нәтижелері жарқын дәлел болатындығын атап өткен Н. Назарбаев: «Сайлау біздің жас демократиямыздың жаңа қадамы болды. Парламент Мәжілісіне 3 саяси партия өтті. Толықтай алғанда Қазақстан есейген елге айналды деп айтуға болады»,-деді.
02 Наурыз 2012, 12:30
Қазақстан көрші елдерді өзара тиімді және тең құқылы ұстанымда барлық даулы су шаруашылығы проблемаларын шешуге күш-жігерді біріктіруге шақырады - Н.Назарбаев
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан көрші елдерді өзара тиімді және тең құқылы ұстанымда барлық даулы су шаруашылығы проблемаларын шешуге күш-жігерді біріктіруге шақырады.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Орталық Азияның су-энергетикалық әлеуетін нығайту перспективалы бағыт болып табылады. Біз көршілерімізді өзара тиімді және тең құқылы ұстанымда барлық даулы су шаруашылығы проблемаларын шешуге күш-жігерді біріктіруге шақырамыз», - деді ҚР Президенті.
Сондай-ақ Елбасы Қазақстанның уран қорының әлемдегі ірі иеленушісі ретінде бейбіт ядролық энергетиканы дамытуды жоспарлап отырғандығын баса айтты. «Бұл біздің еліміздің, біздің өңірдегі барлық елдердің, бұл саладағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделік танытқан біздің барлық сыртқы әріптестеріміздің мүддесіне сай», - деді Н.Назарбаев.
02 Наурыз 2012, 12:47
Қазақстан Орталық Азия өңірінде еркін сауда аймағын құруды ұсынады - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Орталық Азия өңірінде еркін сауда аймағын құруды ұсынады.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Еліміздің Орталық Азиядағы интеграциялық процестердің жақтаушысы болып қала беретіндігін баса айтқан Н.Назарбаев: «Біз одан ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін барынша кең мүмкіндікті көріп отырмыз. Менің көзқарасымша, бүгінде біздің өңірдегі еркін сауда аймағын құру туралы сөз қозғау маңызды болар еді», - деді.
Елбасының пайымынша, трансшекаралық еңбек иммиграциясы саласындағы келісім шараларын қабылдау маңызды. Сонымен қатар Орталық Азияның бірыңғай темір және автомбиль жолдары желісін құрып, дамыту қажет.
«Ол қазіргі уақытта бар және біз оны одан әрі дамытуымыз керек. Біздің өңірдің мемлекеттері бірыңғай өңірлік азық-түлік пулын құруда да бірлесіп жұмыс істей алады. Біздің өңірде энергиялық және азық-түліктік ресурстар жеткілікті», - деді ҚР Президенті.
02 Наурыз 2012, 13:02
Қазақстанның ЕҚЫҰ аясында «қауіпсіздік себетін» кеңейту ұсынысы әзірше жүзеге асқан жоқ - Н.Назарбаев
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның ЕҚЫҰ аясында «қауіпсіздік себетін» кеңейту ұсынысы әзірше жүзеге асқан жоқ.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«ЕҚЫҰ осы ұйымға кіретін барлық мемлекеттердің экономикалық тоқыраудан шығу жолын іздейтін алаңға айнала алмады», - деп атап өткен Елбасы ЕҚЫҰ жауапкершілігі аймағында елдер бірте-бірте дағдарыс жағдайына душар болып отырғандығын баса айтты.
«Барлығына да әлемдік валюта жүйесінің кемшілігі айқын. Олар екі жыл бұрынғыға қарағанда айтарлықтай қуатты жаһандық дағдарыстың қайталануымен қорқытуда. Дегенмен экономикалық жауакершіліксіз мәселесі әлі де болса ЕҚЫҰ басымдықтарынан тысқары. ЕҚЫҰ-ның әскері өлшемдері, Корфу үдерісі тоқтап қалды. Қазақстанның және басқа да мемлекеттердің ұйым аясында «қауіпсіздік себетін» кеңейту туралы ұсынысы да әзірше жүзеге асырылған жоқ. Менің бұл ұстанымым мен алаңдаушылығымды сіздер өздеріңіздің үкіметтеріңіздің және халықаралық ұйымдардың басшыларының қаперіне жеткізесіздер деп сенім артамын», - деді Н.Назарбаев.
02 Наурыз 2012, 13:17
Қазақстан Сеулде өтетін жаһандық ядроға қарсы саммитте жаңа ұсыныстар жасайды - Елбасы
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Сеулде өтетін жаһандық ядроға қарсы саммитте жаңа ұсыныстар жасайды.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Жаһандық шараларға қатысу - Қазақ елінің алдағы онжылдықтағы сыртқы саяси стратегиясының мәні екендігіне тоқталған ҚР Президенті: «Қазақстан өңірлік және әлемдік саясаттағы лайықты бастамашы ойыншы болды және болып та қала береді. Біз Семей полигонын жаптық, ядролық қаруға ие болудан бас тарттық және барлық елдерді ядросыз әлемнің ортақ декларациясын қабылдауға үндейміз. Біздің ядролық қаруға шектеу қою үшін жаһандық қозғалысқа қатысуымыз саналы әрі түбегейлі. Біз Сеулде өтетін жаһандық ядроға қарсы саммитке белсенді қатысуға, жаңа ұсыныстар жасауға ниеттіміз», - деді.
02 Наурыз 2012, 13:26
Қазақстан дінаралық әрі мәдениетаралық диалогты дамыту идеясының жақтаушысы болып қала береді - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан дінаралық әрі мәдениетаралық диалогты дамыту идеясының жақтаушысы болып қала береді.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Қазақстан дінаралық әрі мәдениетаралық диалогты дамыту идеясының жақтаушысы болып қала береді. Оның қазіргі заманғы әлемдегі мәні тек қана өседі, - деді Елбасы.
Осы орайда Н.Назарбаев ағымдағы жылы елордада 4-ші әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтетіндігін еске салды. «Біз бұл форумға барлық діндердің өкілдерін, әртүрлі елдердің саясаткерлерін, қоғам қайраткерлерін шақырдық. Алдағы форумның сәтті өтетіндігіне сенімдімін және біз әлемдегі мемлекет, үкімет басшыларының, діни қайраткерлердің зор қызығушылық танытып отырғандығын көрудеміз», - деді Мемлекет басшысы.
02 Наурыз 2012, 13:37
Қазақстанның сыртқы саясаты ешқашанда геосаяси аңғалдықтан зардап шеккен жоқ - Елбасы
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы саясаты ешқашанда геосаяси аңғалдықтан зардап шеккен жоқ.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Қазақстан үшін әлем дамуындағы басты трендтердің арнасымен жүру әрқашанда да маңызды болғандығын атап өткен Елбасы: «Біздің сыртқы саясатымыз ешқашанда геосаяси аңғалдықтан зардап шеккен жоқ. Сондықтан да 21 ғасырдағы экономика мен саясаттың мегализациялану үдерісін ескере отырып, біз еуразиялық ықпалдастықты тереңдетеміз. Қазақстан, Беларусь және Ресей көп әңгіме болған Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырды. Тағы бір мәрте баса айтамын. Бұл - нақты экономикалық кеңістік, біз экономикалық одаққа қадам басамыз», - деді.
Мемлекет басшысының пайымынша, еуразиялық ықпалдастық - бұл өңірлік тұрақтылықтың, өңірдегі елдердің бәсекеге қабілеттілін арттырудың, маңызды факторы.
«Осы келісімдердің негізіндегі 1,5 жылдық жұмыс іс жүзінде бұл бірлестіктің барлық мемлекеттер үшін тиімді екендігін көрсетті», - деді Н.Назарбаев.
02 Наурыз 2012, 15:01
Жекелеген елдердегі саяси процестерді сырттан қамшылау абырой әпермейді - Елбасы
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Жекелеген елдердегі саяси процестерді сырттан қамшылау абырой әпермейді. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Бүгінде әлемдік сәулет үлкен қозғалысқа келді. Менің көзқарасымша, кейде жаһандық жағдайда асыра сілтеушілікке бой алдыратын көптеген бағалаулар айтылуда. Егерде тарихты байыппен оқысаңыз, онда әлемнің ешқашанда да қарапайым болмағандығын көруге болады. Менің көзқарасымша, қазіргі жағдайдың ерекшелігі адамзаттың жаңа сапалық күйге ауысуында. Бұл ауысудың мәні - ақпараттық қоғамдағы жалпығаламшарлық шынайылықтың кеңеюінде. Ақпараттық технологиялар және мүмкіншіліктер іс жүзінде барлық елдерді прогреске жеткізеді», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, сыртқы күштердің әсерімен жекелеген мемлекеттердің дайындықсыз саяси өзгерістер жасап, жаңғыртуға жеткізетін әдістерді қолдануы жеміссіз болады. Бұны тарихтың өзі соңғы жылдары дәлелдеп отыр.
«Бұл жағдайда көрнекті дипломаттардың бірінің «найзаға сүйенуге болады, бірақ оған отыруға болмайды», - деген ақылды сөзі ұмыт қалады. Бұны Талейран айтқан. Сондықтан да, бұндай саяси тәжірибенің 21-ші ғасыр үшін келешегі жоқ деп санаймын», - деді Н.Назарбаев.
02 Наурыз 2012, 15:41
Н.Назарбаев: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі толыққанды халықаралық ұйым бола алады
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат -Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨІСШК) толыққанды халықаралық ұйым бола алады.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«АӨІСШК-ті шақыру БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының мінберінен 20 жыл бұрын мен ұсынған және сәтті жүзеге асырылған тәуелсіз Қазақстанның бірінші сыртқы саяси бастамасы болды. Біз 20 жыл бойы бұл процестің рет-ретімен дамуына терең қанағаттанушылығымызды білдіреміз», - деді Елбасы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, іс жүзінде АӨІСШК Еуразиядағы және жаһандық деңгейдегі қазіргі заманғы халықаралық қарым-қатынастар жүйесіне оның нақты қатысу формасын болжайтын іс-әрекеттер деңгейіне көтерілді. «Әңгіме Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша толыққанды жаңа халықаралық ұйымды құру болашағы туралы болып отыр. Дәл осы тұрғыда АӨІСШК-тің барлық қатысушылары таяу жылдары бірлесіп жұмыс істеуі қажет», - деді Н.Назарбаев.
02 Наурыз 2012, 15:46
Елбасы: Қазақстан қазіргі заманғы қауіп-қатерлермен күресте әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық алғы шебі бола алады
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қазіргі заманғы қауіп-қатерлермен күресте әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық алғы шебі бола алады.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Орталық Азия өңірінің елдері халықаралық лаңкестікпен, экстремизммен, заңсыз көші-қонмен, есірткі тасымалымен және қазіргі заманғы басқа да қатерлермен күресте әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық алғы шебі бола алады», - деді Елбасы.
Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы, еліміздің БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның мамандандырылған өкілдіктерінің және басқа халықаралық ұйымдардың қызметіне қолдау білдіретіндігін баса айтты.
«Өңірлік қауіпсіздіктің барлық проблемалары мен мәселелері бойынша біздің өзара іс-қимылдарымызды, оның ішінде ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨІСШК, сондай-ақ НАТО және басқа да халықаралық құрылымдармен әріптестік бағдарламалар аясында да тереңдетуге дайынбыз», - деді ҚР Президенті.
02 Наурыз 2012, 15:56
Н.Назарбаев: Жаһандық ақпараттық қоғам халықаралық қарым-қатынастар жүйесіне жаңа тұрғыдан келуді талап етеді
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Жаһандық ақпараттық қоғам халықаралық қарым-қатынастар жүйесіне жаңа тұрғыдан келуді талап етеді.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Біздің әлемімізге айналатын жаһандық ақпараттық қоғам халықаралық қарым-қатынастар жүйесіне жаңа тұрғыдан келуді талап етеді. Ең алдымен жаһандық шешімдерді қабылдау тәртібі әділ болуы қажет. Шындық мынадай, бүгінде «G-8»-де, «G-20»-да жеткіліксіз. Бұл бүкіл әлемге белгілі. Сондықтан да мен әлемдік қаржы дағдарысы жүйесіндегі ағымдық проблемалардың шешімін іздеу және дағдарысқа қарсы кешенді шараларды әзірлеу үшін «G-глобал» жаңа форматын ұсындым», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының атап өтуінше, «G-глобал» барлық мемлекеттерді, әлемдік саясаттың халықаралық, үкіметтік емес субъектілерін, сондай-ақ жекелеген саясаткерлерді, қоғам қайраткерлерін, сарапшылар мен ғалымдарды өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа шақыратын алаң. Осы орайда Мемлекет басшысы қызығушылық танытқан барлық тарапты ағымдағы жылдың мамырында өтетін 5-ші Астана экономикалық форумына қатысуға шақырды.