Н. Назарбаев халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерді ядролық қарусыз қоғамды қолдаушылардың халықаралық форумына қатысуға шақырды

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану мәселелері жөніндегі Киев саммитінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерді ядролық қарусыз қоғамды қолдаушылардың халықаралық форумына қатысуға шақырды,
None
None

деп хабарлады Ca-news басылымы.

Н.Назарбаев, қазан айында Қазақстанда Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық форумы өтетінін мәлім етті. «Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық мүдделі халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерді осынау форумға қатысуға шақырамын», деді Қазақстан Президенті өз сөзінде.

Президент Қазақстан жерінде әлемдегі ең үлкен Семей ядролық сынақ полигоны жұмыс істегенін жиналған қауымның есіне салды. Жарты ғасырға жуық уақыттың ішінде ол полигонда 456 ядролық сынақ жасалған, бұл 116 Чернобыль апатына тең қуат,- деді ол өз сөзінде.

«Былтыр Пан Ги Мун мырза, БҰҰ басшыларының ішінен бірінші болып, бұрынғы Семей полигонында болды және Қазақстанның жаһандық ядролық қарусыздану ісіне қосқан үлесіне жоғары баға берді, әлемнің басқа елдерін бізден үлгі алуға шақырды. Биыл Семей полигонының жабылғанына 20 жыл болады. Семей полигоны жабылғаннан кейін ғана әлемнің басқа полигондарының да үні өшіп еді», деп атап көрсетті Н.Назарбаев өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар