Н.Назарбаев Қашаған кен орнын игеру жөніндегі жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты

Атырау қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан кен орнына Мемлекет басшысы тікұшақпен келді. Жобаның операторы болып табылатын NCOC компаниясының басшылығы Президентке жасанды «Д» аралында орналасқан өндірістік нысандарды көрсетті. Қосымша шағын бұрғылар шағын жасанды аралдарда орналасқан. Олардан мұнай құбыр желілері арқылы аралдар мен мұз қорғаныс қоршауларынан құралған алғашқы қызметтік-техникалық кешен болатын «Д» аралына келіп ағылатын болады. Кешен Қашаған кен орнын игерудің бірінші сатысында теңіз нысандарын біріктіреді. Жобаның жүзеге асырыла бастауымен жаңа аралдар құрылатын болады.
«Д» аралынан 3 құбыр арқылы мұнай Атыраудан 30 шақырым жердегі Қаратабан елді мекеніндегі құрылысы аяқталуы тиіс «Болашақ» құрылымына жеткізіледі. Бірақ өндіру шегінде өндірілетін қашағандық мұнайдың ауқымын тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Аралдың пайдалануға берілуі мерзімінде мұнда 300 адам тартылады.
Солтүстік-Каспий жобасындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысқаннан кейін Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және «Орталық-Аймақ» және «Аймақ-Орталық» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметшілермен кездесті.