Н.Назарбаев «ҚазАгро» ҰХ басшысымен мал шаруашылығы өнімдері өндірісін өсіру және ет экспортын ұлғайту мәселелерін талқылады

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Асылжан Мамытбековті қабылдады.
None
None

А.Мамытбеков Елбасына холдингтің 2009 жылғы жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылғы міндеттері туралы баяндады. Атап айтқанда, мал шаруашылығы өнімдері өндірісін өсіру және Қазақстаннан ет экспортын ұлғайту мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

- Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп рыногын одан әрі тұрақтандыру, импортқа тәуелділікті азайту, ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін ұлғайту, сондай-ақ аграрлық секторда еңбек өнімділігін арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды, - деді А.Мамытбеков.

Соңғы жаңалықтар