16:15, 16 Сәуір 2013 | GMT +5
Н.Назарбаев Қазақстан мен еуропалық қоғамдастықтар арасындағы тоқыма саудасы жөніндегі келісімге хаттаманы ратификациялады
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге Тоқыма саудасы жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, тоқымамен екі жақты саудаға Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ережелерінің қолданылуын таратуға қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.