21:42, 27 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Н.Назарбаев: Қазіргі миграциялық дағдарыс тек соғыстармен ғана емес, сонымен бірге даму теңгерімсіздігімен де байланысты
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазіргі миграциялық дағдарыс тек соғыстармен ғана емес, сонымен бірге даму теңгерімсіздігімен де байланысты. Бұл туралы бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы аясындағы «Пост-2015» саммитінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«ХХІ ғасырда Еуразиялық экономикалық одақ, Жібек жолы экономикалық белдеуі және Еуропалық одақты біртұтас интеграциялық жобаға біріктіретін Үлкен Еуразия идеясы төңірегіне топтасатын уақыт жетті», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Елбасы бүгінгі күні әлемде кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық ұлғайып келе жатқанын баса атап өтті. «Теріс тренд Таяу Шығыс, Африка және Азия елдеріндегі жанжалдармен тереңдей түсуде. Қазіргі миграциялық дағдарыс тек қана соғыстармен ғана емес, сонымен бірге даму теңгерімсіздігімен де байланысты», - деп атап өтті ҚР Президенті.