Н.Назарбаев: Лаңкестікті жаһандық қатер ретінде тану қажет
Елбасы өз сөзінде әлем елдері өздерінің біріккен күш-жігерін жұмсауы тиісті бірқатар бағытты атады. «Біріншіден, терроризмді жаһандық қатер ретінде тану қажет. БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы коалициясын құру, зорлық-зомбылық экстремизмі мен лаңкестік қылмыстарын жасауға қатысы бар тұлғаларды іздеу, ұстау және эстрадациялау іс-қимылының бірыңғай тетігін әзірлеу керек», - деді Н.Назарбаев. Екіншіден, ҚР Президенті БҰҰ аясында зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы тұруға бағытталған барлық қарарлар мен шешімдерді ұсыныс сипатынан міндеттейтін сипатқа көшіру қажеттігін баса айтты. «Олар Қауіпсіздік кеңесі деңгейінде қаралып, бекітілуі тиіс. 2006 жылы қабылданған БҰҰ-ның Жаһандық контртеррористік стратегиясының негізгі ережелерін Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен бекіту қажет», - деді Елбасы.