Н.Назарбаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге «Құрмет» орденін табыстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлде алған Денис Тенге «Құрмет» орденін табыс етті.
None
None

«Сіз спортты жақсы көресіз. Сіздің мұқалмас рухыңыз өндірісте және спорттық күресте шыңдалды. Ол кезде сіздерде қазіргідей спорттық жағдайлар болған жоқ. Сіз қазақстандық олимпиадашыларға барлық жағдай жасап бердіңіз. Қазіргі уақытта Қазақстанда 35 мыңнан астам спорттық орталықтар бар. Жас қазақстандық спортшылар 2017 жылы Алматы қаласында өтетін Бүкіләлемдік Универсиадаға дайындалуда. Біз сонымен қатар Қазақстан 2022 жылғы Олимпиаданы Алматыда өткізу құқығын жеңіп алады деп сенеміз», - деді Д.Тен.

Сонымен қатар ҚР Президенті Алматы облысында 12 баланы құтқарған Бейсентай Дәуренбековке, Қазақстанның халық әртісі Лаки Кесоглуға, Шығыс Қазақстан облысындағы мұражай-қорықтың директоры Николай Зайцевке, мемлекет қайраткері Оралбай Әбдікәрімовке, РФ Псков облысының Невель ауданының басшысы Александр Ващенковқа, Павлодар облысындағы поляктардың «Полония» қауымдастығының басшысы Виталий Свинцицкийге, режиссер-документалист, РФ кинематографистері одағының мүшесі Дарья Виолинаға мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум