Н.Назарбаев Орландодағы лаңкестік актісіне байланысты АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Орландодағы лаңкестік актісіне байланысты Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Орландо қаласындағы террористік акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Жеделхатта: «Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды», - деп айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Б.Обамаға, Америка халқына, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар