13:51, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Н.Назарбаев Өскемен титан-магний комбинатындағы жаңа титан құймасы және қорытпа өндірісінің құрылысы барысымен танысты
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-да болды.
Бұл жерде елдің ұлттық үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының инновациялық жобалары қатарына кіретін титан құймалары мен қорытпаларын өнідретін жаң зауыттың құрылысы аяқталып жатыр. Жобаның құны 12,3 млрд. теңге, жоспарланып отырған өнім қуаттылығы - жылына 11мың тонна титан құймасы мен қорытпасын шығару.
Жобаның маңыздылығы - шикізат өңдеуді тереңдету мен қосымша құнын өсіре отырып, жоғары сапалы өнім алу болып табылады. Вакуумды-доғалық балқыту технологиясы қолданылады.