15:48, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
Н.Назарбаев пен О.Сүлейменов Қазақстан мен ЮНЕСКО ынтымақтастығы мәселелерін, сондай-ақ ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің қорытындылары талқылады
СТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен ЮНЕСКО ынтымақтастығын дамыту мәселелері, сондай-ақ биылғы жылы сәуірде Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит жұмысының қорытындылары талқыланды.