19:41, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Н.Назарбаев пен Виктор Янукович Қазақстан мен Украина арасындағы 2010-2011 жылдарға арналған «Жол картасы - 3» іс-қимыл жоспарына қол қойды
АНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада Қазақстан мен Украина арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен Виктор Янукович бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы 2010-2011 жылдарға арналған «Жол картасы - 3» іс-қимыл жоспарына қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Украинаның Сыртқы істер министрі Константин Гришенко 2000 жылғы мамырдың 19-ындағы Қазақстан Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
Баспасөз мәслихатында Н.Назарбаев аталған хаттаманың екі ел азаматтарының барыс-келісі үшін маңызы зор екендігі атап көрсетті.