Н. Назарбаев Президент қана емес, әлем мойындаған тұлға - депутат Р. Халмұрадов

амырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Н. Назарбаев Президент қана емес, қазіргі заманға лайықты мемлекет- Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, әлем мойындаған тұлға. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Тұңғыш Президентінің-Елбасының қызметін қамтамасыз етуге қатысты заң жобасына байланысты баяндама жасаған депутат Розақұл Халмұрадов осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел Президенті Н. Назарбаев 20 жылға толар толмас уақытта Орталық Азияда қуатты Қазақстан мемлекетін құрды. Бабалардан келе жатқан сан ғасырлық ұлы арман -Тәуелсіздікті орнатты. Түрлі этнос өкілдерінің Отаны атанған Қазақ жерін бірлік пен берекенің, ынтымақ пен ізгі ниеттің құтты мекеніне айналдырды. Қазақ елін қазақ халқын, Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Мемлекет басшысының саясатының арқасында Қазақстан халықаралық аренада жоғары дәрежеге ие болып, үстіміздегі жылы ЕҚЫҰ -ға төрағалық етуде. ҚР Президенті Н. Назарбаев президент қана емес, қазіргі заманға лайықты мемлекет- Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, республиканың қарқынды экономикалық өсуіне, халықтың әл-ауқатының артуына қол жеткізген және барша өркениетті әлем мойындаған тұлға. Республикамыздың Тұңғыш Президентін біз Елбасы ретінде мақтанышпен атаймыз. Дегенмен Елбасы мәртебесі заң деңгейінде әлі бекітілмей келеді», деді депутат Розақұл Халмұрадов.

Оның айтуынша, қолданыстағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы конституциялық заң Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттілігінің негізін қалаушының рөлін толық көлемде айқындамайды.

Сонымен бірге, ҚР Парламенті Мәжілісінің таратқан баспасөз хабарламасына қарағанда, мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуіне айрықша үлес қосқан саяси көшбасшының ерекше мәртебесін айқындауда Қазақстан алғашқы ел болып отырған жоқ. «Мысал ретінде Сингапурді алуға болады. Бұл елдің негізін қалаған Премьер-Министрі Ли Куан Ю үшін арнайы Сингапур Үкіметі жанынан тәлімгер-министр лауазымы енгізілген. Ал стратегиялық дарыны мен ақыл парасатының арқасында тәуелсіздігін нығайтқан Мұстафа Кемалдың саясатын жалғастыру үшін Түркия оған «Ата Түрік» - «Түріктің Әкесі» деген құрметті атақ беріп, сол арқылы Ұлт көшбасшысы деп жариялады. Сондай-ақ бұрынғы президенттеріне жасалып отырған айрықша заңдық актілер РФ мен АҚШ секілді елдерде де бар екені белгілі», делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнама жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнама жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобалары мақұлданған болатын.

Соңғы жаңалықтар