20:16, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Н.Назарбаев Сарыбай Қалмырзаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы және Президенттің бұрынғы Іс басқарушысы Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаевтың қайтыс болуына байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан жеделхат жолдады.

Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметінен мәлім етті.