Н.Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің келесі отырысын ЭКСПО-2017 алаңында өткізуді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның келесі мерейтойлық 30-шы отырысын ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында өткізуге ұсыныс жасады.
None
None

«Қазақстан үшін таяу онжылдықтағы басты міндет - дамыған 30 елдің қатарына кіру стратегиялық мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін экономикалық дамудың мүлдем жаңа моделін құру. Бізге жүйелі шаралар қабылдау қажет, біз онымен айналысып та жатырмыз. Жеке сектордың басымдық рөлімен адами капиталды дамытудағы елдің бәсекелестікті басымдығын барынша пайдалану да керек шығар. Біз мұнымен айналысатын боламыз. Дегенмен, біз «ЭКСПО-2017» аумағында орналасатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы тақырыбын талқылағандықтан келесі отырысты «Жаңа энергия» деп атап, оны көрменің ашылуы кезінде сол территорияда өткізуді ұсынамын», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар