Н. Назарбаев шетелдік инвесторлар үшін Қазақстандағы жеңілдіктер мен преференцияларды атады

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Бүгін Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторлар үшін Қазақстандағы жеңілдіктер мен преференцияларды атады.
None
None

«Инвестициялық ахуалды жақсарта отырып, біз экономикамызды әртараптандыруға басымдық береміз. Инвестиция мұнай газ және тау кен секторына ғана емес, сонымен бірге экономиканың өңдеуші саласына да бағытталуы үшін барлық жағдай жасалған. Оңтайлы конъюктура кезінде болашақ ұрпақ үшін арнайы қор құрып, шамамен 100 млрд АҚШ долларын жинадық. Ендігі уақытта біз оны балама экономика құруға бағыттаудамыз. Басымдықты салаға қаржы салатын инвесторлар он жылға корпоративтік табыс және жер салықтарынан, ал мүлік салығынан сегіз жылға босатылған. Индустриялық бағдарламаны орындай отырып, алғашқы бесжылдықта біз жаңа 770 кәсіпорын салдық. Тек ағымдағы жылы тағы 70 кәсіпорын іске қосылатын болады. Екінші бесжылдықты бастаудамыз. Онда біз қаржымызды тек инновацияға бағыттайтын боламыз», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы экономиканың басымдықты салаларына қаржы құюға ынталы шетелдік инвесторларға Қазақстан ұсынатын өзге де жеңілдіктер мен преференциялар жайында тарқата айтып берді. Оның ішінде әлемнің жиырма елінің бизнесмендеріне визасыз режім енгізу де бар.

Мұнан бөлек ҚР Президенті Қазақстанның барлық елдерімен ынтымақтастыққа ашық екендігін баса айтты әрі оны еліміздің поскеңестік кеңістікте ең бірінші болып ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алуы қуаттай түсетіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар