15:09, 01 Шілде 2013 | GMT +5
Н.Назарбаев: Шетелдік компанияларға мұнайдан тыс салаларға да жаңа технологиялар тарту талабы қойылады
АСТАНА 1 шілде. ҚазАқпарат - Шетелдік компанияларға мұнайдан тыс салаларға да жаңа технологиялар тарту талабы қойылады. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақстан-Ұлыбритания бизнес форумының жабылу салтанатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Егерде компания мұнай және газ саласына келсе де, біз оларға мұнай емес секторға жаңа технологиялар әкелу шартын қоямыз. Мұнай мен газ саласында жұмыс істейтін британдық компаниялар жеткілікті. Олар Бритиш Петролеум, Бритиш Газ сынды компаниялар. Олар 12 млрд. доллар инвестиция әкелді»,-деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда ҚР Президенті жаңа технологиялар тартылуы қажетті салалар қатарында күрделі құрылыс, инфрақұрылым, медицина, білім беру және ғылымды атады.