Н.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы дара тұлға - Д.Мыңбай

«Қазақстан - бүгінде іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, өз жолын, өз болашағын айқындаған, әлемдік қауымдастық алдындағы беделі биік мемлекет. Сол беделдің арқасында 2017 жылы Астанада Халықаралық «ЭКСПО» көрмесі де өтетін болды. Тарих бағасын беретін бұл ерекше жетістіктің маңызын әрбір азамат білуге тиіс деп ойлаймыз. Елімізді биіктен биікке бастап келе жатқан Президентіміз бар»,- деді ол.
Оның пайымынша, көшбасшы алдағы кезде 50-100 жылда не болатынын болжап, біліп қана қоймайды, халқын соған сендіре біледі. Иландыра білетін қасиеті болады. АҚШ-та, басқа да өркениетті елдерде Президент күнін атап өту дәстүрі қалыптасқан және мемлекеттің негізін салушыларды ұлтты ұйыстырушы ретінде бағалаудың дәстүрі бар. Оған бірнеше айтулы тұлғалар енеді: Джордж Вашингтон, Джон Адамс, Томас Джефферсон, Джеймс Мэдисон, Александр Гамильтон, Бенджамин Франклин.
»АҚШ-тың негізін осындай алуан саланың айтулы тұлғалары қалаған. Ал Қазақстанның іргесін өз қолымен жасаған - Тұңғыш Президент, Елбасы, Қазақстанды, қазақ халқын, әлемге танытқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Сондықтан да ол Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы дара тұлға. Тұңғыш Президентіміздің күні құтты болсын! Жасай бер, Жаса, Қазақстан!», - деп аяқтады сөзін Д.Мыңбай.