12:32, 30 Қараша 2015 | GMT +5
Н.Назарбаев Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбын қамтыған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында Мемлекет басшысы Үкіметке бюджеттік бағдарламалардың барлығын толық ревизиядан өткізуді тапсырды.
Себебі, Мемлекет басшысының айтуынша, енді тиімсіз шығындарды бюджеттен қаржы бөліп жабу тоқтайды.
«Енді, бюджет шығындарын оңтайландыру шаралары туралы айтайын. Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жасауды тапсырамын. Дағдарыс кезінде бір теңгенің өзі маңызды. Керегі жоқ шығындар немесе жекеменшік сектор есебінен жабуға болатын шығындар бюджеттен алынбауы керек»,-деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.