Н.Назарбаев: Жаһандық ақпараттық қоғам халықаралық қарым-қатынастар жүйесіне жаңа тұрғыдан келуді талап етеді

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Біздің әлемімізге айналатын жаһандық ақпараттық қоғам халықаралық қарым-қатынастар жүйесіне жаңа тұрғыдан келуді талап етеді. Ең алдымен жаһандық шешімдерді қабылдау тәртібі әділ болуы қажет. Шындық мынадай, бүгінде «G-8»-де, «G-20»-да жеткіліксіз. Бұл бүкіл әлемге белгілі. Сондықтан да мен әлемдік қаржы дағдарысы жүйесіндегі ағымдық проблемалардың шешімін іздеу және дағдарысқа қарсы кешенді шараларды әзірлеу үшін «G-глобал» жаңа форматын ұсындым», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының атап өтуінше, «G-глобал» барлық мемлекеттерді, әлемдік саясаттың халықаралық, үкіметтік емес субъектілерін, сондай-ақ жекелеген саясаткерлерді, қоғам қайраткерлерін, сарапшылар мен ғалымдарды өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа шақыратын алаң. Осы орайда Мемлекет басшысы қызығушылық танытқан барлық тарапты ағымдағы жылдың мамырында өтетін 5-ші Астана экономикалық форумына қатысуға шақырды.