Н.Назарбаевтың арқасында қазақ халқы мәдениетін, тарихи құндылығы мен толеранттылығын сақтап қалды - АМИ Тренд
ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Әзербайжандағы ірі және беделді АМИ Тренд ақпараттық агенттігі бас директорының орынбасары Арзу Нагиев Қазақстанда мәдениет, рухани құндылықтар мен толеранттылықтың сақталуындағы Президенттің рөлі жайындағы пікірін осылай бастады.
«Алдымен, Тренд халықаралық ақпараттық агенттігі ұжымының атынан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты және барша қазақстандықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын.
Бұл мереке маңызды және керек деп ойлаймын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы және өз халқының нағыз патриоты ретінде Қазақстанда және бүкіл әлемде зор беделге ие болды. Бұл тәжірибелі және дана саясаткер, мұнымен қатар рухани дүниесі бай болуының арқасында.
Сондықтан оны белсенді саясаткер және өз ісін жақсы білетін адам ретінде құрметтеп, бағалайды.
Бүкіл әлемдегі экономикалық дағдарыс кезінде қазақстандық экономика Назарбаевтың арқасында өсіп келеді.
Бүгін Қазақстанда 100-ден астам түрлі ұл өкілі бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл Президент Н.Назарбаевтың еңбегі. Оның саясаты арқасында қазақ халқы мәдениетін, тарихи құндылығы мен толеранттылығын сақтап қалды. Көптеген саясаткерлер Нұрсұлтан Әбішұлын Қазақстанның Көшбасшысы ғана емес, бүкіл түркі әлемінің дана саясаткері деп біледі.
Әзербайжанға байланысты да осы қасиеттерін көрсетеді. Н. Назарбаев ұсыныстар жасағанда Әзербайжанның мүддесін де ескеріп отырады".