Н.Назарбаевтың эстондық компания жетекшілерімен өткен кездесуі барысында қазақстандық жүкті тасымалдау мәселелері талқыланды

ТАЛЛИНН. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Таллиннде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Эстонияға жасаған мемлекеттік сапары аясында көрнекті эстондық компания жетекшілерімен өткен кездесуі аяқталды.
None
None

«Викторая-1» паромында өткен кездесуге «Таллинн порты», «Таллинн әуежайы», «Эстония әуе желілері», «Эстония темір жолдары», «Эсти энергия», Балтық кеме жөндеу зауыты сияқты компаниялардың жетекшілері қатысты.

Кездесуді Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансип жүргізіп отырды, ол ҚР Президенті Н.Назарбаевты Эстонияның бүгінгі экономикасы жайлы қысқаша құлағдар етті.

Одан кейін Эстония компанияларының өкілдері сөз сөйледі. Атап айтқанда, Таллинн портының жетекшілері Таллинн порты кешеніне кіретін Муга портынан Батыс Еуропа және өзге шетелдік рыноктарға жіберілетін қазақстандық тауарларды қабылдауға дайын екендерін жеткізді.

Таллинн әуежайының өкілдері жолаушылар және жүк тасымалы саласында ынтымақтастық орнатуды ұсынды. «Эстония темір жолдары» компаниясының басшылығы қазақстандық жүктер үшін қолайлы тарифтер ұсыну мүмкіндіктері туралы сөз қозғады. Елбасы Н.Назарбаев мұнайлы тақта тастың көмегімен электр қуатын өндірумен айналысатын «Эсти энергия» компаниясы басшысының сөзін аса ықыласпен тыңдады. Қазақстанда да мұнайлы тақта тастардың қоры бар және де компания мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында мүдделілік туралы сәйкес меморандумға Мемлекет басшысының осы сапары аясында қол қойылды.

Президент эстондық компания жетекшілерінің ұсыныстарын ықыласпен қабыл алды. Өз кезегінде Елбасы Н.Назарбаев Эстония сияқты шағын елдермен ынтымақтастық орнату Қазақстан үшін басқа ірі елдермен арадағы әріптестікке қарағанда тиімді болып шығуы мүмкін, себебі шағын мемлекеттермен түсіністікке қол жеткізу оңай, деді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум