Н.Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі Қазақстанның экономикалық өсуінің жалғасуын қамтамасыз етеді - «ӨТМК» АҚ басшысы
Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы тамаша жеңісімен құттықтаған Өскемен титан-магний комбинатының басшысы Бағдат Шаяхметовтың хатында айтылған.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
«ӨТМК» АҚ бірнеше мыңдаған ұжымы атынан Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында қол жеткізген тамаша жеңісіңізбен құттықтаймын.
Қазақстанның өзге де сайлаушылары секілді, Өскемен титан-магний комбинатының металлургтері кезекті рет Сізге деген шексіз құрметі мен Сіз ұстанып отырған мемлекеттік бағытыңызды қуаттады.
Бұл сайлау әбден заңды, өйткені тек Сізбен, Қазақстанның Тұңғыш Президентімен бірге біз тар жол тайғақ кешулер мен сынақтарды өткердік. Сіздің данышпандық басқаруыңыздың арқасында болашаққа сеніммен қараймыз, тұрақты жалақы, зейнетақы мен балаларымыз бен немерелерімізді бейбіт елде өсіріп-өндіруге мүмкіндік алдық.
Сіздің данышпандығыңыздың арқасында елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы дайындалып, онда Шығыс Қазақстанның металлургиялық кешенін дамытуға ерекше орын бөлінген.
Сіздің сайлаудағы жеңісіңіз Қазақстанның экономикалық өсуінің жалғасуын және біздің кең де дархан еліміздің одан әрі жаңаруын қамтамасыз етеді.
Сізге, көпұлтты Қазақстанның Президенті қызметіңізге тек жемісті жұмыс және өзіңізге зор денсаулық тілегім келеді.
Еңбек Ері, «ӨТМК» АҚ президенті Б.Шаяхметов