Н.Ноғаев: БҚО-да соңғы бес жылда 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

ОРАЛ. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Соңғы бес жылда облыста 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 11 532 пәтер пайдалануға берілді.
None
None

Бұл туралы бүгін тұрғындармен есептік кездесуінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.  

БҚО-да 2011 жылы 236,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 114 пайызға артық. Аталған көрсеткіш бойынша облыс республикада екінші орынға шықты.

Н.Ноғаев атап өткендей, қазіргі кезде «Қолжетімді баспана  -  2020» бағдарламасы әзірленуде. Аталған құжат бекіткен межеден асып түсуге, бағдарлама аясында бөлінетін қаржыны барынша тиімді пайдалануға облыстың қауқары жетеді.

Біріншіден, облыстағы құрылыс мекемелерінің әлеуеті жоғары.

Екіншіден, облыста шығарылатын құрылыс материалдарының көлемі де, түрі де жыл өткен сайын көбейіп келеді. Былтыр құрылыс индустриясы өндірген өнім 46,5 пайызға өсіп, 5 652,7 млн.теңгеге жетті.  

«Құрылыс саласының даму қарқыны  біздерге үй құрылысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Облыста жалдамалы тұрғын үй тәжірибесін кеңінен пайдаланып, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында салынып жатқан баспанадан бөлек, коммерциялық тұрғын үй салуға және жеке үй салушыларға қолайлы жағдай туғызу тетіктерін қарастырған жөн», - деді облыс басшысы.

Соңғы жаңалықтар