Н. Нұркенов Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Облыс әкімі Н. Нұркеновтің алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты, атап айтқанда, «Щучинск-Бурабай» курорттық аймағының инфрақұрылымын одан ары дамытуға байланысты мақсаттар мен міндеттер қойды.
Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркенов 1976 жылы туған. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Ақмола қаласындағы «Шамшырақ» ХЖҚ менеджер болып бастаған. Астана қаласының әкімдігі аппаратында түрлі қызметте болған. ҚР Президентінің Іс басқармасының күрделі құрылыс және техникалық қадағалау, ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар, ведомствоға қарасты ұйымдарды басқару бөлімдерінің меңгерушісі және орынбасары болып істеген. Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Астанадағы «Мөлдір су» ЖШС басқарып келген.
«Астананың 10 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.