Н.Нығматулин: Финляндияның экономикаға «экологиялық» бетбұрыс тәжірибелері біздің назарымызда

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндияның Президенті Саули Ниинистёмен кездесті. Кездесу барысында тараптар түрлі салалар бойынша қазақстандық-финляндиялық өзара қарым-қатынастың маңызды мәселелерін талқылады. Әсіресе, парламентаралық ынтымақтастыққа баса назар аударылды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Жүздесу барысында Қазақстан мен Финляндия арасындағы қатынастың жалпы стратегиялық сипатына тоқталған, спикер Нұрлан Нығматулин, қос ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Саули Ниинистёнің маңызды кездесулері серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Финляндия Президенті екі елдің парламенттері арасындағы әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Нұрлан Нығматулин мен Саули Ниинистё қазақстандық және финляндиялық парламент өкілдерінің жүздесулері екі елдің жоғары заң шығарушы органдары арасындағы саяси сұхбаттың нығаюына мүмкіндік беретіндігі туралы ортақ пікірлерін жеткізді. Мәжіліс Төрағасы сондай-ақ, қазақстандық Парламент өкілдерін, финляндиялық әріптестердің инновациялық даму, білім жүйесін жетілдіру, экономикаға «экологиялық» бетбұрыс мәселелері бойынша тәжірибелері қызықтыратынын тілге тиек етті. Сөз соңында Нұрлан Нығматулин Финляндия Президентінің біздің елімізге сапары саяси саладағы екі жақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, экономикалық бағыттағы «бетбұрысқа» ықпал ететініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар