Н.Оразалин: Қазақстан мен Ресей жазушыларының кездесуі - Еуразия әдеби кеңістігіндегі маңызды құбылыс

Мәскеу. ҚазАқпарат - ҚР Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин Мәскеуде өткен Қазақстан мен Ресей әдебиетшілері және жазушыларының бас қосуын «Еуразия әдеби кеңістігіндегі маңызды құбылыс» деп бағалады.
None
None

«Абай Құнанбаев пен А.С.Пушкин бас болған екі ел әдебиеті бірін бірі танымай тұрған замандарда-ақ ұлы космос күші - поэзия құдіретімен байланыста болған. Бұл байланыс қазіргі заманда екі елдің бір-бірінің мәдени дәстүрімен жақынырақ танысуға жол ашты деп ойлаймын», - деді Н.Оразалин.

«Әдеби байланысты ары қарай нығайтуды көздеген кездесуіміз Қазақстан үшін де, Ресей үшін де пайдалы деп есептеймін», - деді ол.

Еске сала кетейік, РФ-дағы ҚР Елшілігінің бастамасымен және «Литературная газетаның» мұрындық болуымен Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің шығармашылық зиялы қауымы өкілдері бас қосты. Оған Қазақстаннан: Олжас Сүлейменов, Нұрлан Оразалин, Төлен Әбдіков, Бақытжан Канапьянов, Ұлықбек Есдәулет, Роллан Сейсенбаев, Әлібек Асқаров сынды белгілі қаламгерлермен зиялы қауым өкілдері қатысты. Ал Ресей тарапынан: Юрий Поляков, Николай Анастасьев, Лев Аннинский, Владимир Личутин сынды белгілі әдебиетшілер болды.

Соңғы жаңалықтар