Н.Төреғалиев Ақжайық ауданына әкім болып тағайындалды - БҚО

ОРАЛ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігі келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімі Н.Ноғаевтың өкімімен бұған дейін БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы болып жұмыс жасаған Нариман Төреғалиев Ақжайық ауданының әкімі болып тағайындалды.
None
None

Н.Төреғалиев 1964 жылы бұрынғы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (инженер-экономист), 2004 жылы Каспий қоғамдық университетін (заңгер) бітірген. 

Еңбек жолын 1981 жылы «Есенсай» кеңшарында жұмысшы болып бастады.

1982-1984 жылдары Кеңес әскері қатарында, Венгрияда қызмет етті.

1985-1990 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында оқыды.

1991 жылы Теректі ауданы Ұзынкөл ауылындағы мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде экономист, 1991-1995 жылдары осында бас экономист, 1995-1997 жылдары аталмыш ауылдағы шаруа қожалығында жұмыс істеді. 1997-1999 жылдары Ұзынкөл ауылында «Әйтиев» өндірістік кешенінде бас экономист әрі жабдықтаушы қызметін қоса атқарды.

1999-2001 жылдары - Ұзынкөлдегі «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы.

2001-2002 жылдары Теректі аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, 2002-2003 жылдары Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, 2003-2005 жылдары облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары,  2005-2008 жылдары БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары, 2008-2010 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі БҚО бойынша департаментінің директоры болды.

2010 жылдан БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы.

Соңғы жаңалықтар