Нью-Йорктье мұнай бағасы 85 доллар/баррельге жақындады

әуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Бейсенбі, сәуірдің 1-і күні Нью-Йорк тауарлы биржасында өткен сауданың қорытындысы бойынша, «қара алтынның» бағасы 1,11 долларға немесе 1,3 пайызға көтеріліп,
None
None

наурыз айына жасалған фьючерстік жеткізілімнің бағасы 84,87 доллар/баррельді құрады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлап отыр.

Соңғы екі айда мұнайдың бағасы 15 доллар/баррельге жуық қымбаттаған. Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуінің негізгі себебі - нарық қатысушыларының экономиканың дағдарыстан шыға бастауына деген сенімдері, соның нәтижесінде ағымдағы тоқсанда мұнайға деген сұраныс өсіп отыр. Инвесторлардың оптимизмі әлеуметтік-экономикалық жаңалықтармен, атап айтқанда соңғы аптада жұмыссыздар қатарының азая түсуімен және өнеркәсіптік өндірістік өсуімен мазмұндалуда. «Қара алтынның» қымбаттауына сондай-ақ доллардың еуроға және басқа да валюталарға қатысты әлсіреуі сеп болып отыр.

Соңғы жаңалықтар