19:20, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-ыншы сессиясы басталды
Ю-ЙОРК. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-ыншы сессиясы басталды, оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

Күтіліп отырғандай, Мемлекет басшысы жалпы жарыссөздердің ашылуында сөз сөйлейді. Бүгін сонымен қатар Н.Назарбаевтың мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланып отыр.