09:45, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Нью-Йоркте «Болашақпен» оқып жүрген магистрант қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та білім алып жүрген Асқар Жұмабаевтың қайтыс болғандығын растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Нью-Йорктегі біздің Бас консулдығымыздың көмегімен қайтыс болған жігіттің мәйіті бүгін түнде Қазақстанға жеткізілді. Сараптама қорытындысы бойынша, ол жүрегі тоқтап көз жұмған», - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Асқар Жұмабаевтың қайтыс болғанын оның досы хабарлады.