Нью-Йоркте қайтыс болған «Болашақ» түлегі ҚР СІМ-де 10 жыл қызмет еткен

«22 желтоқсан күні 36-ға келген шағында қазақстандық дипломат Асқар Ермекұлы Жұмабаев бақилық болды. Асқар Жұмабаев қазақ гуманитарлық заң университетінің түлегі және ол Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жүйесінде 10 жыл қызмет етті. Асқар түрлі жылдарда Халықаралық-құқық департаметінде, СІМ-нің Көпбағытты ынтымақтастық департаментінде, сонымен қатар Қазақстанның Нью-Йоркте орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді. Соңғы уақытта Нью-Йорк университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген. Асқардың әріптестері оны қарапайым да, сыпайы, интеллектуалды азамат, өз кәсібінің нағыз маманы, жанашыр жолдас, қамқор әке ретінде біледі. Асқардың артында жұбайы мен екі баласы қалды. А.Жұмабаевтың жақындары мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Асқар мәңгі біздің жадымызда қалады. Иманды болсын!»,-делінген хабарламада.