Нью-Йоркте қазақстандық дипломаттың 4 жасар қызын ит қауып алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылғы Нью-Йорк қаласының Ривердейл ауданында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі кеңесшісінің 4 жасар қызын питбуль иті қауып алып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Оқиға 2 қазанда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08.00-де болған.

Бала көптеген жарақаттармен Бронкс ауданындағы «Jacobi Hospital» ауруханасына жеткізілді.

«Мойын жіп пен тұмсық торсыз ит тосыннан шығып, анасымен бірге балабақшаға бару үшін үйінен автокөлікке бара жатқан сәтте балаға шабуыл жасаған. Баланы иттен тартып алуға сол маңда өтіп бара жатқан ер кісі көмектескен. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, баланы ауруханаға жеткізген. Баланың өміріне қауіп төндіретін жарақаттар жоқ. Дәрігерлер қажетті ота жасады. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты және бірнеше күн ауруханада болады.

Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде»,- делінген министрліктің хабарламасында.

Баланың отбасы иттің иесін сотқа бермек.

Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы барлық қажетті көмекті көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар